Қоғам

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасымен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Жақып Асанов әкімшілік әділет жүйесі мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Асанов президентке сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстарының барысы жайында баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қолданысқа енгеннен кейін, соттар мемлекеттік құрылымдарға қойылатын талаптарды әлемдік әкімшілік әділет жүйесіне сәйкес "мемлекеттік органның кінәлілік презумпциясы" принципімен қарастыра бастайтынын жеткізді.

Асановтың айтуынша, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік әділет жүйесін енгізу мемлекеттік аппараттағы тәртіпті күшейтуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Тағы оқыңыз: Президент сот жүйесін жабық корпорацияға теңеді 

Тоқаев Кодекс күшіне енген күннен бастап соттар жаңартылған алгоритм негізінде, қазақстандық сот төрелігі үшін тың тәсіл бойынша жұмыс істеуге дайын болады деп сенетінін айтты.

Президент азаматтардың және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0