Қоғам

Қазақстанда коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны азайып келеді

© AFP 2024 / MARCO BERTORELLOМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың санын бір күн бұрынғы деректермен салыстырғанда көрсеткіш едәуір азайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. Өткен тәулік ішінде Қазақстанда COVID-19 ауруынан үш адам қайтыс болды. Ал коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан өлім жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус пен пневмониядан өткен 1 ақпан күні – 8, ал 31 қайтар күні – 17 адам адам қайтыс болған еді.

Бүгінгі таңда 27 909 адам (16 609 КВТ+ және 11 300 КВИ-) елдегі ауруханаларда ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың 6 028-і стационарларда және 21 881-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

КВИ+ және КВИ- пациенттерінің арасында:

  • 264 науқас ауыр жағдайда;
  • 55 науқас өте ауыр дәрежеде;
  • 44 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Жалпы 2020 жылдың наурыз айынан бері елімізде коронавирусты 189 131 адамның жұқтырғаны расталып, 2 559 адам қайтыс болды.

Ал тамыз айынан бері коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 47 898 жағдайы тіркелді, 570 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0