Әлем

Бутина Латвиядағы журналистерді қолдап жалғыз адамдық пикетке шықты

© Sputnik / Владислав ВодневБАҚ өкілдері
БАҚ өкілдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бұл шара Ресей Федерациясы мен Швеция СІМ басшыларының келіссөздер жүргізуі басталмас бұрын өтті

Америка түрмесінен босап шыққан ресейлік, Қоғамдық палата мүшесі Мария Бутина Латвиядағы журналистерге қысым көрсету және сөз бостандығындағы дағдарысқа қоғам назарын аудару үшін сыртқы істер министрлігінің Қабылдау үйі жанында жалғыз адамдық пикетке шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл акция Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ҰҚШҰ-ның қазіргі төрағасы – Швецияның СІМ басшысы Анн Линдемен келіссөздер жүргізу басталар алдында өтті.

"Мен Латвиядағы біздің отандастарымызға, журналистерге қатысты болып жатқан заңсыздықтарға оның (Линденің – редакция ескертпесі) назарын аудару үшін осында келдім. 3 желтоқсан күні жеті адамға тінту жүргізді. Ресейлік БАҚ-пен серіктестік орнатқаны үшін оларға қатысты қылмыстық іс қозғады", – деді журналистерге Бутина.

Оның айтуынша, латвиялық билік адамдардың аузын жауып, пікір білдіру құқығынан айырғысы келеді.

"Бір ғана көзқарас "билік" ететін әлемді елестету қорқынышты. Сондықтан, мен бүгін осы жерге келдім", – деді Бутина.

Ол Еуропа азаматтарының құқықтары мен бостандығының кепілі болып табылатын ЕҚЫҰ-ға Ресей осы мәселе бойынша бірнеше рет хабарласып, түсініктеме беруді сұрағанын еске салды. Бірақ, жауап болған жоқ.

"Біз сол жауапты талап етеміз. Бүгін менің осында қолыма плакат ұстап келуім әрекет етуге септігін тигізеді деп үміттенемін. ЕҚЫҰ Латвиядағы отандастарымызға қатысты болып жатқан жағдайды сынға алып, сәйкес шаралар қабылдауы керек", – деді Бутина.

Оның қолындағы плакатта "Латвиядағы журналистерге қысым көрсетуді тоқтатыңдар" деп жазылып тұр.

Балтық елдерінің билігі ресейлік БАҚ-тың жұмысына тұрақты түрде кедергі келтіреді. Ресейлік СІМ атап өткендей, Таллин, Рига және Вильнюс әрекеттерінде үйлесімділік белгілері бар.

Желтоқсанда орыс тілді латвиялық журналистерге, соның ішінде, Baltnews және Sputnik.Латвия порталдарымен серіктестік орнатқан тілшілерге Латвияның "Еуроодақ санкциялары режимін бұзу" бойынша айып тақты. Жаза түрі ақшалай айыппұлдан бастап түрмеге жабуға дейін болуы мүмкін. Журналистердің пәтерінде тінту жүргізіп, ешқайда шықпау туралы қолхат алды. Baltnews және Sputnik.Латвия порталдары "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігімен байланыс орнатқан. Бұл БАҚ үшін мақала жазатын латвиялық журналистер мекеме қызметкерлері емес, тек штаттан тыс авторлар ретінде жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Латвияда журналистер үйінде тінту жүргізіліп жатыр - видео

Ресейлік СІМ орыс тілді журналистерге қатысты Латвия билігінің әрекетін демократиялық қоғамның негіздері болып табылатын сөз бостандығы мен пікір білдіру еркіндігін елемеудің айқын мысалы деп атады. Ресей Федерациясының дипломатиялық ведомствосында санкциялар тек "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевқа қатысты екенін және медиахолдингпен ынтымақтастық орнатқанның барлығына қатысты емес екенін айтты. "Россия сегодня" ХАА бас редакторы және RT маман Маргарита Симоньян орыс тілді журналистерге қарсы қылмыстық іске байланысты Ресей жауап беретініне сенім білдірді.

Жаңалықтар
0