ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 ақпан – Sputnik. Алматы облысында 52 жастағы әйел мен сегіз жасар бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты Қарасай ауданындағы Сауыншы ауылының маңында болған. 52 жастағы әйел баламен бірге жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оларды Toyota Camry Gracia қағып кеткен.
Көлікті 23 жастағы Алматы тұрғыны жүргізген, қазір ол қамауда отыр.
Алматыда автобус жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Ұсталған жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.