Қоғам

"Дереу хабарлаңыз": ішкі істер министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

© Photo : министерство внутренних дел Республики КазахстанІшкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Қазақстандықтар "102" мобильді қосымшасы арқылы оқиға орнынан қысқа хабарлама, фото, видео жібере алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда бүгін, 1 ақпан "102" мобильді қосымшасы іске қосылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа сервистің мүмкіндіктері туралы айтты.

"Бүгін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында біз ресми түрде азаматтарға ыңғайлы жаңа сервис - "102" мобильді қосымшасын іске қосамыз. Ақпараттық технологиялардың қазіргі даму деңгейінде кез-келген ақпарат найзағайдың жылдамдығындай тез тарайды. Біз полицияның азаматтардың хабарламаларына ден қоюы да осындай тез болғанын қалаймыз", - деп жазды министр Facebook-те.

Тәулік сайын полицияның жедел басқару орталықтарының операторлары 102 арнасына келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді.

Сонымен бірге, оқиға туралы ақпарат полицияға емес, әлеуметтік желілерге жіберілетін жағдайлар да кездеседі. Әдетте, әртүрлі оқиғалардың куәгерлері фотосуреттерді немесе видеоларды өз парақшаларына салады немесе танымал пабликтерге жібереді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді

"Бұл оқиғаларды біздің мамандар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтайды. Бұл ретте полицейлер құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмысты "ізін суытпай" ашу үшін пайдалануына қажет болатын қымбат уақыт жоғалады. Сондықтан полиция қызметкерлеріне оқиғалар мен азаматтардың хабарламаларына жедел жауап беруге мүмкіндік беретін арнайы қызмет жасау идеясы пайда болды", - деп түсіндірді Тұрғымбаев.

"102" қосымшасы арқылы не істеуге болады

  • Оқиға орнынан қысқа хабарлама, фото, видео жіберуге болады;
  • Бейнеқоңырау жасауға мүмкіндік бар. Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері анықталады, ал ЖБО операторлары не болып жатқанын көріп, дереу тиісті ден қою шараларын қабылдайды;
  • Сыбайлас жемқорлық, полиция қызметкері тарапынан жасалған бопсалау фактісіне тап болған жағдайда, ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметіне де жүгіне аласыз.

"Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, жануарларға қатыгездік жасалып жатқанын көрсеңіз, күдікті адамды байқасаңыз, дереу хабарлаңыз. Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана біз құқық бұзушылыққа төзбейтін және қауіпсіз қоғам құрамыз", - деді ведомство басшысы.

Қазақстан президенті былтыр 1 қыркүйекте ел халқына жолдауында полиция реформасы бойынша нақты міндеттер қойған еді.

Соның бірі – заманауи, технологиялық, азаматтардың сеніміне ие ішкі істер органдары жүйесін құру.

Жаңалықтар
0