НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан — Sputnik. Режиссер Марина Кунарованың "Ұлы дала зары" фильмі "Оскар" сыйлығының лонг-парағына енді.
"АҚШ Киноакадемиясының наградаларын тапсыратын 93-ші салтанатты шарада халықаралық көркем фильмдер санаты бойынша 93 мемлекет өз фильмін ұсынды", - деп жазылған америкалық сыйлықтың ресми сайтында.
15 кинотуындыдан тұратын шорт-парақты 9 ақпан күні жариялайды.
"Оскар" сыйлығының номинанттарын 15 наурызда жариялайды. Кинематография саласына сіңірген еңбегі үшін сыйлықты табыстау салтанаты 2021 жылдың 25 сәуірінде өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық маман каскадерлік "Оскарға" ұсынылды
"Ұлы дала зары" фильмінің түсірілімі шамамен бес жылға созылды. Бұл картина 1920-1930-шы жылдардағы ашаршылық тақырыбына арналған. Фильмде басты рөлдерді Саяжан Құлымбетова мен Ақылхан Алмасов сомдайды. Өткен жылдың қараша айының басында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде кинотуындының премьералық көрсетілімі өтті.
Бұған дейін хабарланғандай, "Ұлы дала зары" фильмі "Алтын глобус" сыйлығының лонг-парағына енді.