Өңірлер

Өскеменде көшенің бірін су басты – видео

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Мызы көшесінің бойында 7 метр тереңдікте жатқан су құбыры жарылып, қала көшесі су астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Өскеменде су құбырындағы апат салдарынан қала көшелерінің бірін су басты.

Әкімдіктің хабарлауынша, апат 31 қаңтарда күндізгі сағат үште болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от #iloveoskemen (@akimatoskemen)

"Гараж кооперативі ауданында Мызы көшесінің бойында 7 метр тереңдікте жатқан су құбырында диаметрі 500 миллиметрлік жарық пайда болды. Салдарынан бірнеше көшені су басты. Сағат 16:00-де апат аймағының суы сөндіріліп, Шмелев Лог аумағын суық сумен жабдықтау қысымы төмендетілді. Жедел қалпына келтіру тобы төтенше жағдайды жою шараларын шұғыл қолға алды", – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Павлодар тұрғыны ыстық су құбыры жарылған жердегі шұңқырға құлап кетті

Сонымен қатар, кәріз суының ағындыларын сорып, тазалауға арнайы көліктер жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0