Видео

Көше әншісі елордалықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүр - видео

Жазылу
Баяншы Серік Жұмановты елордадағы Сулы-жасыл бульварда кезіктіруге болады. Ол мұнда өзінің сүйікті әндерін айтып, баянда ойнайды

Қазіргі кезде көше музыканты 61 жаста. Ол көшеде өнер көрсетуді көзінің көруі нашарлаған кезде, шамамен алты жыл бұрын бастаған. Ол екінші топтағы мүгедек: бір көзі мүлде көрмесе, екінші көзі нашар көреді.

"Музыкалық білімім жоқ. Ал баянда 14 жасымнан бері ойнаймын. Өзім Қостанай облысындағы Таранов ауданының Ленин аулынанмын. Қазір ол жақта бірде-бір үй жоқ, барлығын бұзып тастады. Мүгедек болғалы бері далада ән айтамын. Жәрдемақы дымға жетпейді, 40 мың теңге. Маған далада баянда ойнап, ән салған ұнайды. Адамдар алғыс айтып, сыйлық береді", – дейді Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Жұманов.

Денсаулығы сыр бергенге дейін Жұманов ұзақ уақыт бойы құрылыста жұмыс істеген.

"Менің ұлым небәрі 13 жаста болатын. Оны оқытуым керек болды. Қазір әскерден келді. Оған аяққа тұруына уақыт беру керек. Ұлым заңгер мамандығы бойынша сырттай оқып жатыр. Оқуын аяқтаған соң ұлттық қауіпсіздік комитетінде немесе полицияда қызмет еткісі келеді", – деп әңгімелеп берді көше музыканты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы ботаника бағында банан, кокос, апельсин өседі – видео

Жұмановтың үлкен ұлы әкесінің далада баянда оайнағанына қарсы болыпты.

"Ол маған "ашығып жүрсің бе?" дейді. Жоқ, әрине. Бірақ мен кіші ұлыма, қызыма көмектескім келеді. Маған музыка аспабында ойнаған ұнайды. Мұнсыз тұра алмаймын. 600 теңгеден, 900 теңгеден карталарына жіберіп отырамын. Коронавирус жоқ кезде 4-5 мыңға дейін ақша табатынмын. Мен көшеде ұзақ отырмаймын. Шамамен бір сағат ән айтып, одан соң үйге қайтамын", – дейді баяншы.

Жұманов қазақ және орыс халық әндерін орындайды. Музыкант өзі айтқандай, ана туралы әндерді ұнатады.

Жаңалықтар
0