Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинАурухана бөлмесі
Аурухана бөлмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Пандемия басталғалы республика бойынша 187 970 адам коронавирус жұқтырды, 2 556 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте 7 адам коронавирустан, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Бірінші ақпандағы мәлімет бойынша, 28 050 адам короновирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 414 пациент стационарда, 21 636 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады

Жалпы науқастар арасында 260 адамның жағдайы ауыр, 52 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1 259 адам коронавирус жұқтырды, 16 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 187 970 адам коронавирус жұқтырды, 2 556 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 47 874 адам пневмонияға шалдықты, 570 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0