Аңдатпа

Қазақстанда 1 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимние развлечения в Нур-Султане
Зимние развлечения в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

9.00 - Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады. Еліміздің бас санитар дәрігерінің және денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гинияттың қатысуымен іс-шара өтеді.

11.00 - мәжілісте азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау бойынша заң жобасының таныстырылымы өтеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов баяндама жасайды. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 - Ішкі істер министрлігінің "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдер" брифингі. Спикер Алексей Милюк – Қазақстан ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

12.30 - Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-ға қарсы вакцинацияға дайындық туралы брифинг. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Бейсенова Сархат Сағынтайқызы, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Мұратұлы, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова Шайзадақызы.

19.00 - "Под знаком Белы Бартока" концерті. 65 жастан асқан адамдар үшін шектеу бар. ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

Алматы

16:00 - Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалада вакцинация науқанының басталуы туралы онлайн-брифинг өтеді. Спикер – №5 қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Разинова.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0