Аңдатпа

Қазақстанда 2 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда көрінісі
Елорда көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

2 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – үкімет отырысы. Күн тәртібінде: 2021 жылы 26 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру шаралары; 2021 жылы 29 қаңтарда президенттің Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 75 00 10 нөміріне хабарласуға немесе премьер-министрдің баспасөз қызметінің press.kpm@mail.ru электронды адресіне жазуға болады.

12.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде "Зейнетақы жинақтарын пайдалану. Алғашқы нәтижелер" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов; "БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры, Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Мұрат Шарипов; "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова; "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының директоры  Жансұлтан Матай. Шара онлайн өтеді: https://www.youtube.com/user/ortcomkz,  https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

19.00 - "Под знаком Белы Бартока" концерті. 65 жастан асқан адамдар үшін шектеу бар. ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

Жаңалықтар
0