НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Үндістанда ер адам әлеуметтік желідегі суреттен кейін қарындасын атып өлтірді, деп хабарлайды жергілікті TV9 телеарнасы.
Оқиға елдің солтүстігіндегі Мератх қаласының Уттар-Прадеш штатында болған.
Арнаның ақпаратына сәйкес, үйлену тойының алдында қыздың жігіті желіде ортақ суреттерін жариялап, бойжеткеннің туыстарына жіберген.
Қыздың ағасы олардың қарым-қатынасына қарсы болған. Сондықтан суретті көрген соң ашуға булығып, досынан тапанша алды. Кейін туған қарындасын атып тастады.
Ер адам қылмысты мойнына алғаны хабарланып отыр. Полиция тұтқындады.