Қоғам

Қазақстанда жаппай вакцинация басталады: елге Sputnik V жеткізілді

© REUTERS / ALISHA JUCEVICВрач набирает в шприц вакцину от коронавируса
Врач набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вакцинаны алғашқылардың бірі болып инфекциялық ауруханалар мен ковидтік орталықтарда жұмыс істейтін дәрігерлер салдыртады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. 1 ақпаннан Қазақстанда Спутник V вакцинасын салу басталады. Алғашқы партиялар жеткізілді.

Коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратына сәйкес, вакцинация ерікті түрде жасалады.

"Бұған дейін жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешеніне "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Ақпан айында барлығы 112 мың доза вакцина, ал наурызда 150 мың жеткізілетін болады. Ал сәуір-маусым аралығында вакцина дозасы ай сайын 600 мың болады", - деді комиссия.

Сондай-ақ, сәуірден бастап отандық QazCovid-in вакцинасы егіле бастайды. Бастапқыда көлемі 15 мың болса, ай сайын 500 мың доза дейін артады.

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер мен әскерилерге салынады.

Жыл соңына дейін алты миллион қазақстандықты қамту жоспарланған.

Жаңалықтар
0