Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның сол жағалауында болған жағдайға қатысты ақпарат шықты

© Sputnik / Абзал КалиевНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы Сығанақ, Түркістан және Алматы көшелеріндегі 6 тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықсыз қалды

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Елорданың сол жағалауында 30 қаңтарда кешке электр жарығы неге сөніп қалғаны белгілі болды.

"Астана-РЭК" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 30 қаңтар 20:58-де нөмірі 407 "Левобережная" стансасында 10 киловатт ұяшығында апат болды.

Астанадағы Сығанақ, Түркістан және Алматы көшелеріндегі 6 тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықсыз қалды.

"Жедел бригада бір сағат ішінде бес дизель-генераторлық құрылғы орнатты. Есіл аудандық электр желілері  жөндеу бригадасы, кабель желісі және диагностика қызметінің 19 жұмысшысы апатты жойды. Электр жарығы қалпына келтірілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

31 қаңтарда сағат 2:17-де апат жойылды. Апатқа кабельдің зақымдануы себеп болған.

"Астана-РЭК" АҚ бас инженері Руслан Әбжановтың айтуынша, тұрғын үй кешенін салған компаниялар үйді жергілікті атқарушы органдар балансына тапсырмаған. Қазіргі уақытта бұл желілерді "Астана-РЭК" АҚ балансына тапсыру жұмысы жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0