Қоғам

Назарбаев белгілі журналист Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

© Photo : Фото со страницы Берика Уали в FacebookМихаил Дорофеев
Михаил Дорофеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Михаил Дорофеев қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 25 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Елбасы белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті", – делінген жеделхатта.

30 қаңтар күні 31 арнадағы "Информбюро" бағдарламасының бас редакторы және Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев инфаркт алып, қайтыс болды.

Михаил Дорофеев қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 25 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті.

Ол Атырау облысының жергілікті басылымдарында, кейін республикалық басылымдарда – КТК телеарнасы мен "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газетінде бас редактордың орынбасары лауазымын атқарды.

Сондай-ақ, республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда "Астана қалалық телевидениесі" ЖШС-нің бас директоры және "Эра" телекомпаниясы" ЖШС-нің бас продюсері болды.

Михаил Дорофеев әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") бағдарламасының жүргізушісі болды.

Жаңалықтар
0