Қоғам

Қазақстанға 400-ден астам азамат ПТР-анықтамасыз ұшып келді

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALПассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото
Пассажиры в защитных масках в салоне самолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды, олар қазір карантиндік стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. 30 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 2 059 жолаушының ішінде ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсеткен анықтамамен 1 612 адам, анықтамасыз 447 ҚР азаматы келген.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 325 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 276;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 452 жолаушы, анықтамамен - 396; анықтамасыз - 56;
  • Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 171 жолаушы, анықтамамен - 110; анықтамасыз - 61;
  • Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 111 жолаушы, анықтамамен - 57; анықтамасыз - 54.

Анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды, олар карантиндік стационарларда өз нәтижесін күтуде.

Айта кетсек, 29 қаңтарда анықтамасыз келген 236 азаматтың ПТР-талдау нәтижес бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Стамбул – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен ұшып келген болатын.

Жаңалықтар
0