Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі Тимур Жақсылықов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығындағы видеокөпір барысында зейнетақының қалай есептелетінін, оның қандай бөліктерден тұратынын және ЕАЭО елдерінде қалай зейнетақы алуға болатынын әңгімелеп берді.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекеті – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан аумағында жарамды.
Айта кетерлігі, бұл жағдайда 2021 жылдың 12 қаңтарынан кейінгі жұмыс өтілі ғана есептеледі. Зейнетақы алу үшін адам елде Зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енген күннен бастап заңды түрде кем дегенде 12 ай жұмыс істеуі керек.