НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедовтың (12-0, 10 КО) Мексикада өткен жекпе-жегі кезінде ұйымдастырушылар шатасып басқа елдің әнұранын қойып жіберді.
Садриддин рингке көтерілгеннен кейін Қазақстанның емес, Канаданың әнұраны шырқалды. Ахмедов канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған және осы елде жаттығады. Сондықтан ұйымдастырушылар оны Канада өкілі деп ойлаған болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов үш титул үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті
Видеодан боксшы бұл жағдайға наразылық білдіргенін көруге болады. Жекпе-жектен кейін ол инстаграмда ұйымдастырушы тарапқа шағымданғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ахмедовтың менеджері Анна Рева Sports.kz сайтына бокс кешінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Мексика тарапы әнұранды қойғанда қателесті. Садриддин Канададан ұшып келді. Шапан киіп, Қазақстанның туымен шықты, ал мексикалықтар шатастырып алды. Ол, әрине, ашуланды", - деді Рева.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте 23 жастағы қазақ боксшысы Нидерланды өкілі Стивен Даньоны төрешілер шешімімен жеңген болатын.