Экономика

Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде өзекті мәселені көтерді

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин посетил с рабочей поездкой Жанаозен
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин посетил с рабочей поездкой Жанаозен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысы жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін жаңа жобаларға инвестиция тарту көлемін ұлғайтуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

"Жаңаөзен қаласында қуаттылығы 1 миллиард текше метрге дейін болатын жаңа газ өңдеу зауытын салу, өңірдің қолданыстағы магистралдық және таратушы газ желілерін реконструкциялау мәселелері талқыланды", - деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Суды тұщыландыратын зауыт салынады

Маңғыстау облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету шеңберінде "Каспий" тұщыландыру зауыты қайта жаңартылып, кеңейтіледі (өнімділігі тәулігіне 40 мың текше метрге дейін арттырылады), "Қаражанбастың" қуаты тәулігіне 17 мың текше метрге ұлғайтылады, Жаңаөзен қаласын сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешетін және қуаты тәулігіне 50 мың текше метрге жететін "Кендірлі" тұщыландыру зауыты салынады. Қосымша сумен жабдықтау мен кәріздің жаңа желілері тартылады, КТҚ қайта жаңартылып, жалпы қуаты тәулігіне 70 мың текше метрге дейін жеткізіледі.

Су кодексіне түзету енгізілді: Тоқаев заңға қол қойды

Биыл "Ақтау-Форт Шевченко" жолын қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда, қажетті инженерлік коммуникацияларды жүргізе отырып, 1,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. 2021 жылдың наурыз айында "Қошқар-Ата" қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жоба үш жыл ішінде аяқталады және тарихи қалдықтарды орналастырумен байланысты экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік береді.

Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі

Маңғыстау облысының азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мәселелері қаралды. Өңірде бірқатар АӨК инвестициялық жобалары іске асырылуда. Соның бірі — қуаты жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін "Ақтау агро" жобасы. Оны осы жылдың II тоқсанында іске қосу жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру өңірдің құс етімен қамтамасыз етілуін 45%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және табысын арттыру, еңбек нарығының қазіргі жағдайын ескере отырып, туристік сектор үшін жергілікті кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға – 576,4 миллиард теңгеге дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 206,3 миллиард теңгені құрады (+12,2%), 1,19 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (+1,5%).

Туризмге 400 миллиард теңге тартылады

Маңғыстау облысы Қазақстанның перспективалы туристік аймақтарының ТОП-10 құрамына кіреді. 2020 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 71,8 миллиард теңгеге жетті. Биыл Маңғыстау облысының туристік инфрақұрылымын дамытуға 400 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту көзделген.

"Жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін дамудың жаңа жобаларына инвестиция тарту көлемін ұлғайту қажет", — деді Мамин.

Жұмыс сапары аясында Мамин Ақтау қаласының курорттық аймағын дамыту жобаларының (Fairmont, Double Tree by Hilton, Aqualina Resort брендтерімен қонақ үйлер, тақырыптық ойын-сауық паркі) іске асырылуын тексеріп, жоспарланған инфрақұрылым құрылысының уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңалықтар
0