Экономика

Үкімет президентке 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын ұсынды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Нур-Султане
Здание правительства РК в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Басты мақсат – бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру және әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына кіру

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысын өткізді.

Жиында 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарының жобасы, сондай-ақ, жедел реформалар пакеті және ұлттық халық санағын өткізу мәселелері қарастырылды.

"Үкімет ұсынған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасы 12 стратегиялық бағыттан тұрады. Олар институционалдық, экономикалық және әлеуметтік болып үш салаға бөлінген", - делінген ақпаратта.

Даму жоспары бойынша 2025 жылға қарай өсім деңгейі 5 процентке артып, жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 35 процентке дейін, негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі ЖІӨ-нің 30 процентке дейін, шикізаттық емес экспортты 2 есеге, яғни, 41 миллиард теңгеге дейін, еңбек өнімділігін 45 процентке ұлғайту негізгі көрсеткіш болмақ.

Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін ұлғаюы тиіс екені айтылған.

Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі деңгейін оқушылардың білім көрсеткіштері, цифрлық бәсекеге қабілеттілік, заң үстемдігі индекстері бойынша жақсарту жоспарлануда.

Президент ұлттық жоспар бүгінгі жаһандық үрдістерді ескере отырып, ел дамуының негізгі бағдарлары мен цифрлық параметрлерін қалыптастыратынын атап өтті. Оның пікірінше, еліміздің ортамерзімді перспективадағы дамуы аталған реформалардың сапалы іске асырылуына тікелей байланысты болмақ.

"Депутаттық корпус ұлттық жоспардың табысты жүзеге асуы үшін барлық қажетті заңнамалық базаны қамтамасыз етуге тиіс", – деді президент.

Ұлттық даму жоспарының аясында ұсынылған реформалардың көбісі кәсіпкерлік, бюджеттік және салық кодексі сияқты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді қажет ететінін ескере отырып, мемлекет басшысы үкіметтің парламентпен конструктивті жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0