Экономика

1 шілдеден бастап салық төлеуге байланысты қандай өзгеріс болады

© SputnikНалоговый кодекс РК
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шаралар экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нормалар осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik. Салық төлеуді жеңілдету және салық жүктемесін азайту үшін шұғыл шаралар пакеті жоспарланып отыр. 

Бұл мәселені реформалар жөніндегі жоғары кеңес мүшелері талқылады. 

Шаралар экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Шағын және орта бизнес субъектілері еңбекақы қорына салық жүктемесі төмендейді. Жаңа өндірістік компаниялар үшін қосымша құн салығының мөлшерлемесі 70 процентке азаяды. "Бизнестің жол картасы" субсидиялау бағдарламасына микроқаржы ұйымдарын қосу және басқа да жолдар арқылы экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізілген соң бұл нормалар осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0