Экономика

Әрбір қазақстандық ұлттық байлықтың бір бөлігін иеленуі қажет – Тоқаев

Жазылу
Реформалар жөніндегі Жоғары кеңес отырысында 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарының жобасы ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық IPO" бағдарламасын қайта жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысында 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспары жобасы ұсынылды.

"Халықтық IPO" бағдарламасын қайта жаңғыртып, акцияларды, ең алдымен, жеке тұлғаларға, яғни, Қазақстан азаматтарына сату керек. Еліміздің әрбір азаматында ұлттық байлықтың бір бөлігін иелену мүмкіндігі болуы қажет", – деді Тоқаев.

Президент экономикада мемлекет үлесін азайту туралы айта келе, бұған дейінгі науқандарды еске салды. Ол кезде нысандардың басым бөлігін жекешелендіру мерзімі шегеріліп, тіпті, іске аспаған кездер де болған.

"Жұмыстың жоспар бойынша жүруі аса маңызды. Бұл тұрғыда үкіметтің ұстанымы қатаң болуы қажет. Жекешелендірудің соңы жеке монополиялардың пайда болуына әкеп соқтырмауы керек. Ондай жағдай қоғамның наразылығын тудырады. Жекешелендіру үдерісі кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету қажет", – деді президент.

Мемлекет басшысы үкіметке нысандарды сатуға қоғамдық мониторинг жүргізудің тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Жаңалықтар
0