Мәдениет

Белгілі актер Василий Лановой өмірден өтті

© SputnikНародный артист СССР, сопредседатель общероссийского общественного гражданско-патриотического движения "Бессмертный полк России" Василий Лановой
Народный артист СССР, сопредседатель общероссийского общественного гражданско-патриотического движения Бессмертный полк России Василий Лановой  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актер театр және кино саласындағы жарқын бейнесі арқылы ел есінде қалды. Ол "Война и мир", "Анна Каренина", "Офицеры" фильмінде ойнаған

АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. КСРО-ның халық әртісі Василий Лановой 88 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәскеу мэрі Сергей Собянин хабарлады.

"Қаралы хабар келді. Ұлы әртіс, халықтың сүйікті актері Василий Семенович Лановой өмірден өтті. Ол сомдаған кейіпкерлер миллиондаған көрерменнің кумиріне айналды. Оның кино мен театрда сомдаған рөлдерін ұмыту мүмкін емес...", - деп жазды Собянин Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін РИА Новости Лановойдың коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол әйелі Ирина Купченкомен бірге ауруханаға жатқызылды.

Лановой 1934 жылы 16 қаңтарда дүниеге келген. Евгений Вахтангов атындағы Мемлекеттік академиялық театрда жұмыс істеді.

Василий Лановой – КСРО-ның халық әртісі, Ленин сыйлығының лауреаты, Ресейдің Еңбек ері, "Бессмертный полк" патриоттық акциясы қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Борис Щукин атындағы театр училищесінің профессоры, өзі осы оқу орнын бітірген.

Ол алғашқы сыйлығын 17 жасында Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында "Аттестат зрелости" қойылымындағы басты рөлі үшін алды.

1957 жылы Вахтангов атындағы театрдың труппасына қабылданды. Осы театрда әртіс өмірінің соңына дейін қызмет етті.

1961 жылы Александр Птушконың "Алые паруса" фильмінде капитан Грэйді сомдады. Сонымен қатар "Война и мир", "Анна Каренина", "Офицеры" фильмінде ойнады.

Жаңалықтар
0