Ол осылайша елдің бай-бақуаттылық деңгейіне қарай коронавирусқа қарсы препаратқа қолжетімділіктің тепе-теңсіздігіне байланысты дабыл қаққан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қолдау білдірді, деп жазады РИА Новости.
ДДҰ басшысының айтуы бойынша, қазіргі уақытта вакциналау 50-ге жуық елде жүргізілуде және олардың барлығы дерлік бай елге жатады. Сондай-ақ, барлық дозалардың 75 проценті он елде ғана қолданылған.
Шыны керек, неміс көшбасшысының ДДҰ-мен бұл ниеттестігі қулық сияқты көрініп тұр. Себебі, әділдік ұғымын әртүрлі түсінуге болады.
Меркельдің Давостағы сөзімен бір мезгілде Германияның денсаулық сақтау министрі Брюссельдің Еуропалық Одақта шығарылған вакциналар экспортын лицензиялау бастамасына қолдау білдірді. Йенс Спан "біз өндірістік қуаттылықты кеңейту үшін ЕО қол қойған барлық дерлік келісімшарттар бойынша бірнеше жүз миллион еуроны аванс ретінде ұсындық" деп ашық айтты.
Ол "әңгіме бірінші болуда емес, әділеттілікте" екенін баса айтты. Шынында да, мұндай жағдайда қандай тәсіл дұрысырақ: тең дәрежеде ме, әлде осы процеске көп ақша салған мемлекетке басымдық берілуі керек пе?
Жалпы, "кедей ел - бай ел" болып бөлінуімен мәселе шешіліп тұрған жоқ. Бұл тіпті екінші орында. Себебі, вакцина үшін басты тнкетірес Батыста басталды. Еуроодақ ағылшын-шведтық AstraZeneca компаниясымен вакцина үшін тайталас жүргізіп жатыр. Ол Брюссельге өндірістік және логистикалық қиындықтарға байланысты шарттық жеткізілімдерді 60 процентке қысқартуға мәжбүр болғандығы туралы хабарлады. Ал Еуропа шарттық міндеттемелердің орындалуын талап етіп отыр.
Алайда бұл үшін континентті британдық мекемелерде өндірілетін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажет болады. Лондон өзінің AstraZeneca компаниясымен арадағы келісімі бойынша осы өнімдерге басым құқыққа ие. Еуропада өз кезегінде Ұлыбританияға өз аумағында өндірілген вакциналардың экспорты тоқтатып тастауы мүмкін. Бұл нағыз тұғырыққа тірелу.
Қанша дегенмен Ұлыбритания оңтайлы жағдайда тұр. Қазір аралда халықтың шамамен он процентіне екпе жасалса, құрлықтағы көрсеткіш небәрі екі процент. Бірінші тоқсанда корольдік Еуроодақтан үш есе көп вакцина дозасын алады деген болжам бар.
Батыстың басты проблемасы вакцина өндірісінің ауқымы оған деген сұранысты қанағаттандыра алмауында емес. Мұндай текетірес басқа елдерде де болып жатыр.
Басты проблема, тіпті қателік десек те болар, Батыс коронавируспен күресте ең негізгі назарды вакциналауға аударуында болды. Ал Еуропа локдаунды биліктің вакцинаны күтудегі ең басты жұмыс әдісі деп қарастырды.
Мұндай саясаттың нәтижесі Еуропа қалаларының көшесінде айқын көрініс табуда: қоғам таусылмайтын қатаң шектеулерден мезі болған.
Мұнда халық эпидемиялық жағдайға қарай енгізілген шектеулерден зардап немесе қолайсыздық сезініп жатқан жоқ. Шектеулер жеңілдетіліп жатыр. Эпидемилогиялық жағдай тұпақы әрі біртіндеп жақсаруда. Денсаулық сақтау саласы құрдымға кетіп жатқан жоқ. Стационарлардағы емдеу орындары толып жатқан жоқ. Мамандар жақсы болжамдармен бөлісіп жатыр.