НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Шымкенттік полицейлер бекетте төбелескені үшін қызметтен қуылды. Жанжалды куәгерлер байқап қалып, видеоға түсіріп алған.
Видеодан патрульдік полицейлер бір-бірінің жағасына жармасып жатқанын, олардың бірі тіпті әріптесінің бетінен ұрғанын көруге болады.
Оқи отырыңыз: Маңғыстаулық полицейлерді видеоға түсіріп, желіде жариялап жіберді
Полиция департаменті тәртіп бұзушылар анықталып, жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Astana арнасы.
"Тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және ішкі істер органдарының имиджіне нұқсан келтіргені үшін патрульдік полиция полкінің екі қызметкері де қызметінен босатылды", - деп түсініктеме берді Шымкент полиция департаменті.
Олардың төбелесіне не себеп болғаны белгісіз.