Басқа елдердегі наным бойынша Өгіз жылы 12 ақпаннан бастап күнтізбеге енеді. Алайда, Азия елдері оны мерекелеуге қазірден дайындалып жатыр.
Қаңтар айының соңында-ақ аймақтағы тіршілік жандана бастайды. Көне дәстүр бойынша адамдар мерекені отбасының ортасында, жақындарымен қарсы алуы қажет болғандықтан, Азия елдерінің тұрғындары ғаламшардың түкпір-түкпірінен ата-анасының үйіне қонақтап келеді.
Бұл қарбалас пайдалы ғана емес, көңілге қуаныш сыйлайтындай болуы үшін қалалар, ауылдар, тіпті көшелер де мерекелік кейіпке енеді.
Мейрам қарсаңында Азия қалай түрленетінін біздің фотодан көріңіз.
© REUTERS / Lim Huey TengКуала-Лумпур көшелеріндегі алқызыл киім киген мүсіндер ерекше көзге түседі
1/8
© REUTERS / Lim Huey Teng
Куала-Лумпур көшелеріндегі алқызыл киім киген мүсіндер ерекше көзге түседі
© REUTERS / Tingshu WangНаным бойынша, қызыл түс жамандық атаулыны жақындатпай, сәттілік әкеледі. Сондықтан, қызыл түсті шамдар ғимараттарға, көше жарығының бағаналарына, үй айналасына көптеп қойылады.
2/8
© REUTERS / Tingshu Wang
Наным бойынша, қызыл түс жамандық атаулыны жақындатпай, сәттілік әкеледі. Сондықтан, қызыл түсті шамдар ғимараттарға, көше жарығының бағаналарына, үй айналасына көптеп қойылады.
© AFP 2024 / Roslan Rahman Аңыз бойынша, әрбір жаңа жыл басында қытайлар мерекенің бірінші күнінде келіп, барлық мал мен астықты жалмап жеп, тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін Нянь (қытай тілінен аударғанда "Жыл" дегенді білдіреді) атты құбыжықтан тығылуы керек. Осы құбыжықтан өз үйлерін қорғау үшін қытайлар баспанасын әсемдейді: үй сыртына қызыл қағаздан жасалған оюлар жабыстырып, ізгі тілек жазылған картиналар іледі және қызыл шамдарды барлық тұсқа қояды.
3/8
© AFP 2024 / Roslan Rahman
Аңыз бойынша, әрбір жаңа жыл басында қытайлар мерекенің бірінші күнінде келіп, барлық мал мен астықты жалмап жеп, тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін Нянь (қытай тілінен аударғанда "Жыл" дегенді білдіреді) атты құбыжықтан тығылуы керек. Осы құбыжықтан өз үйлерін қорғау үшін қытайлар баспанасын әсемдейді: үй сыртына қызыл қағаздан жасалған оюлар жабыстырып, ізгі тілек жазылған картиналар іледі және қызыл шамдарды барлық тұсқа қояды.
© AP Photo / Ng Han GuanХалық арасында тараған аңыз бойынша кішкентай балаларды жейтін Нянь бір күні қызыл киім киген баланы көріп, қорқып кеткен екен. Содан тұрғындар құбыжық қызыл түстен қорқады деген шешімге келген.
4/8
© AP Photo / Ng Han Guan
Халық арасында тараған аңыз бойынша кішкентай балаларды жейтін Нянь бір күні қызыл киім киген баланы көріп, қорқып кеткен екен. Содан тұрғындар құбыжық қызыл түстен қорқады деген шешімге келген.
© AFP 2024 / Roslan RahmanЖыл белгісі – Ақ металл өгіз – күш, сенімділік пен еңбекқорлықтың нышаны.
5/8
© AFP 2024 / Roslan Rahman
Жыл белгісі – Ақ металл өгіз – күш, сенімділік пен еңбекқорлықтың нышаны.
© AFP 2024 / Mohd RasfanКөше қызыл шамдарға толып кетеді. Кіреберіс есіктердің екі жағына да тілек жазылған қағаздар ілінеді. Ресми мекемелер де қызыл түстермен безендіріледі.
6/8
© AFP 2024 / Mohd Rasfan
Көше қызыл шамдарға толып кетеді. Кіреберіс есіктердің екі жағына да тілек жазылған қағаздар ілінеді. Ресми мекемелер де қызыл түстермен безендіріледі.
© AFP 2024 / Lillian SuwanrumphaШығыстағылар ай туғаннан кейін келетін жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің дегенге сенеді. Сондықтан, жаңа жылда жаңа киім киіп, көтеріңкі көңіл-күймен жүруге тырысады.
7/8
© AFP 2024 / Lillian Suwanrumpha
Шығыстағылар ай туғаннан кейін келетін жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің дегенге сенеді. Сондықтан, жаңа жылда жаңа киім киіп, көтеріңкі көңіл-күймен жүруге тырысады.
© REUTERS / Lim Huey TengӘсемделген көшелерде суретке түсу заманауи мерекенің міндетті элементтерінің бірі.
8/8
© REUTERS / Lim Huey Teng
Әсемделген көшелерде суретке түсу заманауи мерекенің міндетті элементтерінің бірі.