Қоғам

"СК-Фармацияның" экс-басшысы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына нұқсан келтірген

© Sputnik / Тимур БатыршинМногие врачи не видели свои семьи уже 4 месяца, тем не менее они не унывают и верят в лучшее
Многие врачи не видели свои семьи уже 4 месяца, тем не менее они не унывают и верят в лучшее - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"СК-Фармацияға" қатысты тергеу аяқталды, іс материалдарымен танысу процесі басталды. Содан кейін айыптау актісі прокуратураға жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. "СК-Фармация" экс-басшысының заңсыз әрекеті салдарынан дәрігерлер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"СК-Фармацияға" қатысты тергеу аяқталды, іс материалдарымен танысу процесі басталды. Содан кейін айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберіледі. Істің мән-жайын айта алмаймыз. Себебі 201-бап (сотқа дейінгі тергеу материалдарын жарияламау – Sputnik) бар. Бірақ танысудан кейін прокурор істі сотқа жіберген бойда біз міндетті түрде істің мән-жайын жариялаймыз", - деді Перов.

Журналистер қылмыстық істе тергеліп жатқан қаржының сомасын да сұрады. Тергеуші "8 миллиардтан астам" деп қысқа ғана қайырды.  

Оның айтуынша, қылмыстық істе бір ғана күдікті бар. Оның заңсыз әрекеті салдарынан денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына нұқсан келген.

"8 миллиард теңгенің келісімшарты аясында оның жасаған әрекеті салдарынан денсаулық сақтау мекемелері дұрыс қызмет атқара алмады және дәрігерлер ауырып қалған", - деп атап өтті Перов.

Айта кетейік, 2020 жылы 10 шілде күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.

Оқи отырыңыз: "СК-Фармация" басшысы 1 миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты 

Жұмағұловтың орнына басқа адам тағайындалды. Ал Берік Шәріп тергеуге алынды. 14 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның ұсталғанын мәлімдеді. Ол төтенше жағдай жарияланған кезеңде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған. Қазіргі кезде қылмыстық іс жүктелген міндетке салғырт қарау бабына ауыстырылып отыр.

Жаңалықтар
0