Ресейге "Буревестник" зымыраны не үшін қажет?

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуИспытания крылатой ракеты с ядерным двигателем «Буревестник»
Испытания крылатой ракеты с ядерным двигателем «Буревестник» - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ядролық қозғалтқышы бар шектеусіз қашықтыққа ұша алатын "Буревестник" қанатты зымыраны кезекті сынақтарға дайындалып жатыр. Оның әлемде баламасы жоқ. Ресей реовлюциялық жоғары технологиялық қару-жарақ саласында әлі де көш бастап тұр

"Буревестник" зымыран кешені Жаңа Жердегі сынақтарға дайындалып жатыр және жаңа ұшу 2021 жылдың бірінші жартысында іске асуы мүмкін. Географиялық орын зымыранды ұзақ қашықтықта сынауға мүмкіндік береді. Себебі, 9M730 жабдығы ұзақ уақыттан бері қозғалыста. Ресейдің зымыран жасау саласындағы ақпарат көзіне сенсек, ядролық энергия жабдығының полигондағы сынақтары 2019 жылдың қаңтарында аяқталып, ұшудың шектеусіз қашықтығын қамтамасыз ететін реактордың жұмыс істеу сипаттамалары расталды. CNN жариялаған спутниктік суреттер де 2020 жылдың тамыз айынан бастап Жаңа Жер архипелагындағы "Буревестниктің" жоғары белсенділігін көрсетіп тұр.

Захватывающее видео дозаправки в воздухе ракетоносца Ту-160 - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Ту-160 зымыран-тасығышы әуеде қалай "қуаттанады" – видео
Ресей президенті Владимир Путин 2017 жылдың соңында ядролық энергия жабдығы бар зымыранның алғаш рет сәтті іске қосылуы туралы жариялаған болатын. Жапонияның The Diplomat басылымы Америка үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, "Буревестник" 2016 жылдың маусым айынан бері Астрахань облысындағы "Капустин Яр" полигонында сынақтан өткен деп хабарлады. Оннан астам ұшулар орындалды және бұл технологиялық революция болып табылады.

Радарлардың "көзіне түспейтін" "Буревестникті" тек спутниктен және ол іске қосылған кезде ғана анықтауға болады. 50-100 метр биіктіктегі ұшулар кезінде қанатты зымыранды анықтап, оған тосқауыл болуы мүмкін емес. "Буревестниктің" шектеусіз қашықтығы мен аса төмен биіктікте ұшуы оны көзге түспейтін аппарат етеді. Сондай-ақ, бұл жағдайда әуедегі шабуыл мен зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың барлық жүйелері кәдеге жарамсыз болып қалады.

Мамандардың айтуынша, су жаңа "Буревестник" қанатты зымыраны қарау-жарақ саласына 2027 жылға қарай қабылданады. Сондай-ақ, оның әскери әлеуеті Ресей мен АҚШ арасында қабылданған және 2026 жылдығ 5 ақпанына дейін ұзартылған Стратегиялық шабуылдау қаруларын қысқарту шартында есепке алынбаған.

Дәстүрлі қанатты зымыран реактивті қозғалтқышы мен әрекет етудің шектеулі радиусы бар оқтұмсық болып табылады.

"Буревестник" мүмкіндіктері оны стратегиялық мақсатта қолданатын қаруға айналдырады. Жерді айнала ұша алатын қарапайым оқтұмсықтарды пайдалану мақсатқа сай болмағанымен, әбден мүмкін. Стратегиялық қанатты зымырандар жаудың нақты координаттары бар маңызды нысандарын жоюға арналған. Ұзақ ұшудан кейін күрделі траектория бойынша нысанды сәтті дәлдеу үшін "Буревестникке" спутниктік және инерциялық навигацияға негізделген басқару және өз бетінше дәлдеудің біріктірілген жүйесі, сондай-ақ жергілікті аймақтағы жер бедерімен ұшу кезіндегі түзетулер қажет болады. Ядролық қозғалтқышы бар қанатты зымыран нысанаға кез-келген траектория бойынша ешқандай шектеусіз жете алады және қауіп төнген уақытта әуеде бірнеше күн немесе ай бойы тұра алады.

Пуск ракеты-носителя Протон-М с российским космическим аппаратом Электро-Л №3 с космодрома Байконур - Sputnik Қазақстан
Ресейде Илон Масктің жобасына ұқсас зымыран жасалады
Зымырандағы энергия қондырғысы туралы нақты мәлімет жоқ. Алайда, оның әрекет ету принципі арқылы оның ұшу уақытын (800-1000 км/сағатқа дейін) тәулікпен, айлармен, жылдармен есептеуге мүмкіндік береді. Әуе-реактивті қозғалтқыш айтарлықтай қуатты шағын ядролық реактор негізінде әзірленген. Іске қосылғаннан кейін үдеу мет тартылыс шеткі шүмектер арқылы кіретін және бірнеше мың градусқа дейін қызатын атмосфералық ауаның көмегімен қамтамасыз етіледі.

"Буревестник" – жауды тоқтату құралы мен кек қайтару қаруы. Айта кету керек, АҚШ өткен ғасырдың ортасынан бері осы тектес бірқатар жобаны жүзеге асыруға тырысқанымен, бұл идеялар әлі де сәтсіздікке ұшырап жатыр (Nuclear Energy for the Propulsion of Aircraft, Atomic Energy Commission, Aircraft Nuclear Propulsion жобалары).

Неуловимый "Буревестник" устроен таким образом, что о его применении противник сможет узнать только в режиме онлайн, когда вдруг исчезнет один из крупных военных объектов или мегаполисов. Вероятный агрессор десять раз подумает, стоит ли "дергать медведя за усы". Таким образом, новая крылатая ракета сделает мир прочнее.

Стратегиялық қашықтыққа ұша алатын ресейлік қару-жарақ жүйесі Вашингтонды алаңдатып отыр. Президент Джо Байденнің жаңа әкімшілігінің Стратегиялық шабуылдау қаруларын қысқарту шартын ұзартуға қандай да бір талап қоймастан шұғыл кірісуі де осы себепті. Бүгінгі күні шартпен қарастырылған қару-жарақ көлемі шамадан асқан жоқ. Келешекте қауіпсіздік жүйелерін дамытудың түрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. РФ мен АҚШ-тың стратегиялық тұрақтылық туралы болашақтағы келісімдері зымыранға қарсы қорғанысқа, ядролық жабдықтауы жоқ дәлдігі жоғары қаруларды, киберқарулануды және ғарыштағы қару-жарақты қамтуы мүмкін.

Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасындағы қорғаныс жөніндегі комитет басшысы Владимир Шаманов 27 қаңтарда стратегиялық ядролық қарулардың жаңа түрлері алдағы келіссөздер барысында Стратегиялық шабуылдау қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу шаралары туралы шартқа енгізілуі мүмкін екенін айтты. Сарапшылар мұндай келісім болған жағдайда, Ресей "Авангард" жүйесін құрбан етуі мүмкін екенін, бірақ, жаңа, гипердыбысты және тактикалық ядролық қаруды ешқашан "мәмілеге келу" тізіміне енгізбейді деп санайды.

Оның үстіне, Стратегиялық шабуылдау қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу шаралары туралы шартты асыра бағалауға да болмайды. Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы әлі де тұрақты емес. Америкалықтар шарт мерзімін ұзартып, ештеңе жоғалтқан жоқ. Сондықтан, олар алдағы уақытта ұстанымы мен көзқарасын күрт өзгертіп, шарттан біржақты шығып кетуі мүмкін.

Жаңалықтар
0