Оқиға

Павлодарда болған төтенше оқиға жайлы ақпарат шықты

Жазылу
Оқиға туралы 28 қаңтар күні сағат 20:40-та хабар түсті. Ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

ПАВЛОДАР, 29 қаңтар — Sputnik. Павлодарда ер адам "Сарыарқа" қонақүйі лифтісінің шахтасына құлады, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға туралы хабар 28 қаңтар сағат 20:40-та түскен. Қонақүй әкімшісінің айтуынша, нөмірлердің бірінде тұрып жатқан ер адам төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.

Қонақүйге шұғыл түрде бес құтқарушы жетті. Қолдағы құралдар көмегімен 33 жастағы ер адам шахтадан шығарылды.

Құтқарушылардың хабарлауынша, ол есікті өзі ашқан. Есіктің ар жағында кабина болмағандықтан, ер адам шахтаға құлады. Зардап шеккен тұрғын жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстанға зардап шеккен адам Павлодар тұрғыны екенін хабарлады. Ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Ер адамның миы шайқалған, омыртқа жотасының бел тұсы зақымданды. Жабық бассүйек-ми жарақатын алды. Оған компьютерлік томография жасалды. Тиісті зерттеу жасалды. Жағдайы орташа ауыр.

Еске сала кетсек, өткен жылы Павлодарда дәл осындай жағдай болған. "ЦУМ" сауда үйінде сатушы жұмыс істемейтін лифт шахтасына құлап, көптеген жарақат алды.

 

Жаңалықтар
0