Әлем

Ресейдегі зәулім сарайға қатысты репортаж жарияланды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуВиды Москвы
Виды Москвы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылысшылар болжамына сәйкес ғимарат бес-алты жылдан соң ғана тапсырылады. Фильмдегі сарай туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik. Алексей Навальный фильміндегі Геленджиктегі "Сарай" құрылысы басталған қалпы тұр, деп хабарлады Mash Telegram-каналы.

"Сарайға келушілерді қақпасы жоқ ғимарат қарсы алады. Бұл жерде тек бетон ғана, құрылыс басталған қалпында тұр", — делінген материалда.

Журналистерді алты жыл бойы сарай құрылысын бақылап жүрген техникалық қадағалау өкілі қарсы алған. Тілшілер бірдей 16 бөлмені қарап шықты. Кальян бөлмесінің орнында құрылысшылар киімі мен құрал-жабдықтар тұр.

"Айналада жұмысшылар көп. Біз ғимаратты қарап жүрген кезде олар құрылыс жұмысын жалғастырды... Ішіміз пысты деуге болады. Дәл сол "сарайды" көре алмадық", - деді репортаж авторы.

Құрылысшылар ақпараты бойынша ғимарат бес-алты жылдан соң ғана тапсырылады.

Ресей президенті Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальный өз зерттеуінде айтқан "Геленджиктегі сарай" туралы сұраққа жауап берген болатын.

"Ол жерде менің меншігім ретінде көрсетілгеннің ешқайсысы маған да, менің жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған. Ешқашан", - деп жауап берді Путин.  

Ол Алексей Навальныйдың фильмін компиляция және адамдардың "санасын шаюға" тырысу деп атады.

Жаңалықтар
0