Экономика

ЕАЭО елдері локдауннан кейін экономиканың қарқынды өсімін күтуде – ЕЭК министрі

© Sputnik / Болат Шайхинов / Медиабанкке өтуЕАЭО елдерінің туы
ЕАЭО елдерінің туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақсылықовтың айтуынша, ЖІӨ төмендеуі дамыған экономикаларға қарағанда бізде айтарлықтай үлкен болмағандықтан, қалпына келтіру процесіміз едәуір жеңіл әрі жылдам жүзеге асады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі Тимур Жақсылықов осы жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде экономика қалпына келеді деп болжап отыр. Бұл туралы ол Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында видеокөпір кезінде айтты.

Министрдің пікірінше, ЕАЭО-ның ешбір елі бойынша өткен жылдың статистикасы әзірше дайын болған жоқ. Әйтсе де, алдын ала есеп бойынша жалпы ішкі өнімнің, экономикалық белсенділік көлемінің төмендегені барлық елде байқалады. Тек, Қытай ғана аздаған өсім көрсеткен.

"Егер салалар бойынша айтсақ, қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес, сауда, ритейл, туризм, жолаушылар тасымалы секілді салалар зардап шекті. Мұндай локдаун кезінде дәл осы салаларға зиян келетіні белгілі еді. Сондықтан, ел үкіметтері дәл осы секторларды қолдау бойынша шаралар қабылдады", – деді Жақсылықов.

Ол басқа дамыған экономикаларға қарағанда ЕАЭО-ның қалпына келу өсімі әлдеқайда қарқынды болады деп сендірді.

"Осы жылға қатысты айтатын болсақ, онда әлемнің барлық елдеріндегідей қарқынды қалпына келтіру процестері бізде де жүзеге асырылады. Бір жағымды тұсы, біздегі ЖІӨ төмендеуі басқа дамыған экономикаларға қарағанда айтарлықтай үлкен болған жоқ. Сондықтан, қалпына келтіру де басқа дамыған елдердікіне қарағанда едәуір жеңіл әрі жылдам болады деп ойлаймын", – деді Жақсылықов.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдері интернет-пираттармен қалай күреседі

Айта кетейік, қазіргі кезде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылады.

Жаңалықтар
0