Қоғам

"Мен дайынмын": Балғынбек Имашев халыққа үндеу тастады - видео

© Sputnik / Болат ШайхиновБалғынбек Имашев
Балғынбек Имашев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантинде қамалып, смартфонға қадалып бос жатқанша, бос жатқан жерге еге болайық, дейді Балғынбек Имашев

АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. Айтыскер ақын Балғынбек Имашев халықты солтүстік өңірге көшуге шақырды. Желідегі парақшасында видео жариялап, солтүстік шекара мықты болуы үшін осындай шешім қабылдау қажет екенін айтты.

"Ресей параментарийі депутаттарының сөзінен кейін әлеуметтік желіде көк байрағымызды желбіретіп, атқа мінген челлендждер өтті. Әрине, ол жақсы, қазақтың рухы көтеріледі. Байрағымызды желбіретіп ұстап жүрген жақсы. Бірақ ол Ресейге әсер етеді деп ойламаймын. Олар оған пысқырмайды да. Біз қайтсек осыған тосқауыл бола аламыз деген кезде әлеуметтік желіде жаза бермей, солтүстік өңірге қоныстанайық", - деді Имашев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_official)

Ол бір кездері қандастардың Өзбекстан, Қытай, Моңғолиядан көшіп келіп, ауыл-ауыл болып қоныстанғанын мысал ретінде келтірді.

"Солтүстік облыстарға көшуге шақырамын. Қостанайға, Петропавлға, Павлодарға барып тұрайық. Атамекеніміз, жеріміз ғой, тамырымызды сол жерге жіберейік. Әлеуметтік желіде Үкіметке Петропавл мен Павлодардың атын неге ауыстырмайсың дегенше, сол жердің тұрғыны болып, сол жерде қаламыздың атын ауыстырайық деген ұсыныс жасайық. Сол жерге барып қазақтың санын көбейтейік", - деді ол.

Сонымен қатар оңтүстік өңірге қоныс аударуды ойлағанын, алайда биыл солтүстікке көшуге дайын екенін айтып өтті.

"Алматы, Шымкент секілді оңтүстік өңірлерге көшу туралы ойым болған. Астанада шамамыз жеткенше мұғалім де болдық, қызмет те істедік. Айтыскер ретінде де астананың намысын қорғағаныма да 20 жыл болды. Елге қайтсам ба деп едім, бірақ қазір қайтатын уақыт емес екен. Қазір әрқайсымыздың жан санымыз, еңбегіміз, отаншылдығымыз, рухымыз солтүстік өңірлерге керек болып тұр", - деді Имашев.

Сонымен қатар үкіметтен қолдау болмаса да, мал ұстап тіршілік етуге болатынын алға тартты.

"Қазақтың ата-бабасынан қалған жері, ол жерде жер де, ел де жетеді. Мал ұстап, 20 тауық, 5 үйрек ұстасақ та, күнімізді көріп кетеміз. Үкімет үй, жер береміз десе, нұр үстіне нұр. Бірақ ештеңе бермесе де, отанымыз үшін, еліміздің болашағы үшін, солтүстік шекарамыздың мызғымай берік тұруы үшін, қазақтың саны артуы үшін осындай қадамға барайық. Мен биылдан қалмай солтүстік облыстарға көшуге дайынмын", - деді ол.

Сонымен қатар карантинде қамалып, смартфонға қадалып бос жатқанша, бос жатқан жерге еге болайық, деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0