Өңірлер

Ақтауда театр директоры жұмыс істемейтін адамға екі жыл бойы жалақы төлеген

© Photo : pixabay.comТеатр, зрительный зал, иллюстративное фото
Театр, зрительный зал, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Драма театрды 17 жыл басқарған Нұрнияз Мұханов жұмыс істемеген адамға айлық төлеп келгенін мойындамады

АЛМАТЫ, 29 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау музыкалық драма театрының бұрынғы басшысына 14 миллион теңге айыппұл салынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Нұрнияз Мұханов 2 жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерге жалақы төлеген, деп хабарлады Астана телеарнасы.

Екі жыл ішінде оның шотына 1,5 миллион теңге аударған. Ер адамға қызмет бабын қолдана отырып, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу бойынша айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Директор күйеуін мектептегі 6 жұмысқа орналастырып, жалақы төлеп отырған 

"Театрдың бұрынғы директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Осы бап бойынша жаза түрі он есе мөлшерде айыппұл салуға өзгертілді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі Аслан Атшыбаев.

Драма театрды 17 жыл басқарған Нұрнияз Мұханов жұмыс істемеген адамға айлық төлеп келгенін мойындамады. Ол мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ойдан құрастырғаны деп атады.

Жаңалықтар
0