Қоғам

Алматы әкімі Зерделідегі қисайған үйлердің болашағы туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинЗерделі ықшамауданындағы қисайған тұрғын үй
Зерделі ықшамауданындағы қисайған тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сағынтаевтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасын нығайту жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы Зерделі ықшамауданында қисайған тұрғын үйлердің іргетасы нығайтылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Зерделі ықшамауданының тұрғындарын толғандырған мәселе назардан тыс қалған жоқ. ҚазҚСҒЗИ мамандарының қорытындысы бойынша 2020 жылы 7 үйдің іргетасы нығайтылды. Биыл 10 үйді нығайту жоспарланған. Барлық жұмысты құрылыс нормасы мен технологиясын және талаптарын сақтай отырып жүргізуді тапсырдым", – деді Сағынтаев.

Қала басшысының айтуынша, алдағы уақытта 13 ауланың қасбеті ретке келтіріліп, балаларға арналған ойын мен спорт алаңдары, орындықтар мен жарық жүйесі орнатылады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Сондай-ақ, Нұркент ықшамауданында 18 үйдің қасбетін жаңартып, 5 ауланы жөндеу жоспарда тұр.

"Тұрғындардың өтінішімен аула мен үй маңындағы аймақты ретке келтіру мәселесі шешімін таппақ. Зерделіде тұрғын үйлерге жанасып тұрған 8 жер телімі алынады. Оған қоса, Нұркентте 43 пен 72 үйдің арасындағы жер теліміне биік үй тұрғызбақ болған меншік иесінен бұл жер тәркіленіп, аталған жерде балабақша бой көтереді", – делінген әкім жазбасында.

Оқи отырыңыз: Өтпеген шараға 63 миллион теңге жұмсалды: Сағынтаев себебін түсіндірді

Жаңалықтар
0