НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Ешқандай себепсіз терлеу жүрек талмасының белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы Express басылымы Британиялық жүрек қорының мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сарапшылар жаттығу кезінде немесе күннің ыстығында организмнен ылғалдың көп бөлінуі қалыпты құбылыс екенін атап өтті.
Алайда адамның кеуде тұсы кенеттен ауырып, тер шықса, тез арада дәрігерге қаралу қажет.
"Егер адамның басы айналып, ентіксе немесе кеуде тұсында ауырсыну сезілсе, бұл инфаркт алдындағы жағдайдан хабар береді", - деді ғалымдар.
Сарапшылардың айтуынша, бұған қан тамырларының бітеліп қалуы себеп болуы мүмкін. Бұл кезде жүрекке қосымша салмақ түседі.