Экономика

Роман Склярдың Мәскеуге жұмыс сапары: ресми кездесуде қандай мәселелер талқыланды

© Sputnik / Абзал КалиевРоман Скляр
Роман Скляр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі елдің өкілдері босқосуда өнеркәсіп және ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін сөз етті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған Қазақстанның үкіметтік делегациясы Мәскеуде Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Юрий Борисовпен кездесті, деп хабарлайды Рrimeminister.kz сайты.

Босқосуда өнеркәсіп және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Өнеркәсіптік кооперация тақырыбы Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен келіссөздерде көрініс тапты.

"Сондай-ақ, тараптар 2019 жылғы 3 сәуірде екі мемлекет басшының қатысуымен қол қойылған Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберіндегі уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады", – делінген хабарламада.

Сапар аясында Роман Скляр Ресей Федерациясының көлік министрі Виталий Савельевпен кездесіп, көлік саласындағы, сонымен қатар Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы автомобиль жолдары мен өткізу пункттерінің инфрақұрылымы саласындағы өзара іс-қимылдың ең өзекті мәселелерін талқылады.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО-ға қарым-қатынас жасау үшін шұғыл түрде цифрлық платформа керек – сарапшы

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірлескен күш-жігердің нәтижелілігін атап өтті.

Жаңалықтар
0