Аңдатпа

Қазақстанда 29 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМинистрліктер үйі
Министрліктер үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

29 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

13.00 – Sputnik ақпараттық агенттігінің Мәскеу–Нұр-Сұлтан–Бішкек–​​Ереван–Минск бейнекөпірі. Журналистер сұрағына Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов жауап береді. Хабар Sputnik Қазақстан сайты мен Facebook парақшасында өтеді.

Нұр-Сұлтан

10.00 – Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жылғы қорытындысы бойынша алқа отырысы. Іс-шараға президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев, Нұр-Сұлтан Алтай Көлгінов пен Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, сондай-ақ "Қазақфильм" АҚ Ақан Сатаев, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андре Карстенс, парламент мәжілісі мен сенатының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, агенттік пен оның аумақтық органдарының қызметкерлері бейнеконференция байланысы арқылы қатысады. Өтетін орны: М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ Тұңғыш президент залы, Қорғалжын тас жолы, 8. Журналистерді аккредиттеу partner@antikor.gov.kz электрондық поштасы жүзеге асырылады. Тікелей эфир сілтемесі: Youtube, Facebook.

13.00 – "Жыл 12 ай" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

14.00 – "Арыстан патша" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "VIVAT, AMADEUS!" концерті ("Астана Опера", Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "Щелкунчик" спектаклі, Мариинский театрының солистері Оксана Скорик пен Евгений Коновалов өнер көрсетеді (Астана Балет театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

12.00 – "Дюймовочка" пьесасы (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Я, бабушка, Илико, Илларион" спектаклінің премьерасы ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

18.30 – "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – Джоаккино Россини – италиялық музыка кеші (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

19.00 – "Театр" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

19.00 – "Бетховен MUTE" спектаклі (ARTиШОК театры, Үлкен сахна, Гоголь көшесі, 40).

19.00 – "#ОГОНЬДетка" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38, Советская көшесінің жанында).

19.00 – "КняZz" тобы мен Михаил Горшеновтың мемориалдық қорының "Kороль мен Шут" концерті (Студенттер сарайы, әл-Фараби даңғылы, 71).

19.00 – "В куб" музыкалық қойылымы (Caspian University, Достық даңғылы, 85а).

19.30 – "Три девицы" пьесасы ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0