Экономика

ЕАЭО елдерінде ортақ валюта қашан пайда болуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневЕАЭО елдерінің туы
ЕАЭО елдерінің туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Сарапшы пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағында бірыңғай валюта құру мәселесі алдағы онжылдықтың күн тәртібінде тұрған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. ЕАЭО елдері бірыңғай валютаны енгізу мәселесіне жеткенге дейін бірқатар шарттарды орындауға мәжбүр болады. Бұл туралы Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі Евгений Винокуров айтты деп, хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сарапшы бұған дейін Еуразиялық даму банкі тарапынан ЕАЭО елдерінің ортақ валютасын зерттеу бағытында бірқатар іргелі зерттеулер жүргізілгенін айтты.

"Нәтижесінде біз мынадай тұжырымға келдік: қазіргі кезде және осы сәтке дейін ештеңе өзгерген жоқ және солай қалады. Ал енді еураз немесе алтын деген шартты атаумен бірыңғай валюта енгізу ЖІӨ-ге кері әсерін тигізеді", – деді Винокуров "Халықаралық есеп айырысуда ЕАЭО ұлттық валюталарының рөлін арттыру" тақырыбындағы аналитикалық таныстыру есебінде.

Оның пікірінше, ұзақ мерзімді перспективада, егер бірнеше шарттар орындалса, бұл тақырыпқа оралуға болады. Ал олардың ішінде – ішкі тұрақтылықтың артуы, сауда көлемінің ұлғаюы, өзара инвестициялардың ұлғаюы, валюта нарықтарын реттеуді біріздендіру, ақша-несие саясатына үйлестірілген көзқарас бар.

"ЕАЭО шеңберінде прогресске қол жеткізген кезде ғана, біртұтас валюта тақырыбына оралуға болады. Менің ойымша, бұл тақырып алдағы онжылдықтың күн тәртібінде тұрған жоқ", – деп қорытындылады Винокуров.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдері ұрланған автокөліктердің бірыңғай базасын құрады

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүшелік етеді.

Жаңалықтар
0