Өңірлер

Даниал Ахметов Өскемен әкімін қатаң сынға алды  

© Sputnik / Болат ШайхиновАким ВКО Даниал Ахметов
Аким ВКО Даниал Ахметов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімі мен құрылыс басқармасы биылғы қазан айына дейін бір де бір шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарламаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының әкімін қатаң сынға алды.

Өңір басшысы тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс.  

"Ақшаның қайда жатқанын білмейді": үкімет Нығматулиннен сөз естіді 

Айталық, 2020 жылы облыс бойынша 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Өсім жоқ емес, бар. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 117,4%-ке жоғары. Алайда Өскемен қаласы бойынша бұл көрсеткіш небәрі 69,8%-ке тең.

"Көрсеткіш төмендегені айқын байқалды. Бұл кемшіліктер үшін нақты жеке тұлғалар жауапты. Жүз пайыз қаржыландырылғанына қарамастан тұрғын үйлердің халық игілігіне берілмеуі Өскеменге үлкен сын. Бұл қала әкімі Жақсылық Омар мен орынбасарым Бақытжан Баяхметовтың жіберген қателіктері", – деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, қала әкімі мен құрылыс басқармасы биылғы қазан айына дейін бір де бір шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарламаған.

"Жұма күні аталған мәселе бойынша тағы жиналыс өтеді, жауапты тұлғаларға толық ақпарат дайындау тапсырылды", – деп түйіндеді облыс әкімі.

Жаңалықтар
0