Әлем

Андрей Стенин–2021 байқауының қазылар құрамына әлемдік фотоиндустрия көшбасшылары кірді

© Sputnik / Фандулвази ДжайклоПосетители на выставке победителей конкурса имени Стенина в Кейптауне
Посетители на выставке победителей конкурса имени Стенина в Кейптауне  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл байқаудың қазылар алқасының құрамына әлемнің ірі БАҚ өкілдері мен атақты фотографтар кірді

АЛМАТЫ, 28 қаңтар — Sputnik. Андрей Стенин атындағы жас фототілшілерге арналған халықаралық байқаудың қазылар алқасы құрамына кім енгені белгілі болды.

2021 жылы әр ұлттың өкілі енген топ бірегей болды: оған әлемнің ірі БАҚ өкілдері және әр жылдары Стенин атындағы конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалаған атақты фотографтар кірді.

Олардың ішінде "Штерн" (Stern) журналының фотодиректоры Андреас Трамп (Германия); тәуелсіз куратор және фоторедактор, бұрын "ГЕО" (GEO) журналының неміс нұсқасының фотодиректоры болған Рут Айххорн (Германия); Лодидегі жыл сайын өтетін этикалық фотосурет фестивалінің (Festival della Fotografia Etica) негізін қалаушы және үйлестірушісі Альберто Прина (Италия); Оңтүстік Африканың "Индепендент медиа" (Independent Media) медиа тобының құрамындағы "Кейп Таймс" (Cape Times) және "Кейп Argus" (Cape Argus) фоторедакторы Йэн Лэндсберг; World Press Photo байқауының екі дүркін жеңімпазы, РИА Новости арнайы фототілшісі Валерий Мельников (Ресей); жетекші халықаралық фото байқаулардың бірнеше дүркін иегері, "Нур" (Noor) халықаралық фото агенттігінің негізін қалаушылардың бірі Юрий Козырев (Ресей) кірді.

"Стенин атындағы бауқаудың қазылар алқасы құрамында болуға шақырту алуды құрмет деп санаймын. Бұл өзінің беделі, көзқарасы, тұжырымы, шарттары және аңызы бар топ. (...) Андрей жақсы фотограф болды, кәсібилігіне сөз жоқ. Оны ұмытпаудың маңызы зор", - деді ресейлік фотограф, Noor Images агенттігінің негізін қалаушы Юрий Козырев.

© Sputnik / Илья ПиталевАндрей Стенин атындағы фотобайқау жеңімпаздары
Андрей Стенин–2021 байқауының қазылар құрамына әлемдік фотоиндустрия көшбасшылары кірді - Sputnik Қазақстан
Андрей Стенин атындағы фотобайқау жеңімпаздары

Ол өткен жыл пандемияға байланысты барлық адам үшін қиын болғанын атап өтті.

"Егер фотожурналист мамандығын қарастыратын болсақ, онда оның шеберлігін көрсететін сәт – уақытында қозғалу және дәл уақытында қажет жерде болу. Адамдар Андрей Стенин сияқты тәуекелге баруға және қауіпті жерлерге баруға дайын. Содан кейін пандемия басталып, бәріміздің қозғалысымызға шектеу қойылды. Мен жас фотографтар қозғалыс шектелгеніне қарамастан бұл мәселені қалай шешкенін білгім келеді", – деді Юрий Козырев.

Андрей Стенин байқауының номинациялары мен жүлдесі

2021 жылы үміткерлер "Басты жаңалықтар", "Спорт", "Менің ғаламшарым", "Портрет. Біздің заманның батыры" номинациясы бойынша бақ сынайды. Қатысушылар барлық номинация бойынша бір жұмыстан "Жалғыз фото" және "Серия" санаты бойынша өтініш бере алады.

Жұмыстарды қабылдау stenincontest.ru сайтында 28 ақпанға дейін жалғасады. Орыс, ағылшын және қытай тілінде қабылданады.

2021 жылы байқаудың жүлде қоры әр номинациядағы бірінші, екінші және үшінші орын үшін 125 000, 100 000 және 75 000 рубльді құрайды.

Стенин атындағы байқаудың ең жоғары марапатының иегері 700 000 рубль алады.

© Sputnik / Алексей ВитвицкийПрагада Андрей Стенин атындағы байқау жеңімпаздары жұмыстарының көрмесінің ашылуы
Андрей Стенин–2021 байқауының қазылар құрамына әлемдік фотоиндустрия көшбасшылары кірді - Sputnik Қазақстан
Прагада Андрей Стенин атындағы байқау жеңімпаздары жұмыстарының көрмесінің ашылуы

Жас фототілшілер үшін өз жұмысын ресейлік және халықаралық алаңдарда көрсету мүмкіндігі де маңызды болмақ. Байқау лауреаттарының көрме туры байқаудың ажырамас бөлігіне айналған және Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка, Таяу Шығыстағы бірнеше ондаған қалаларды қамтиды.

2018 жылдан бастап байқаудың экспозициялық алаңының қатарына Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк штаб-пәтері кіреді. 2019 жылдан бастап байқау көрмелері Страсбургтегі Еуропа кеңесінде өтеді.

Байқау жайлы

Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистика міндетіне қоғам назарын аударуға бағытталған.

Бұл – талантты, жаңашылдыққа құмар әрі біздің жанымызда болып жатқан жағдайларға адамдардың назарын аудара алатын жас фотографтарды біріктіретін алаң.

Байқаудың бас ақпарат серіктесі – "Россия-культура" ресейлік мемлекеттік телеарнасы, "Москва 24" телеарнасы, Вести.Ru ақпарат-жаңалықтар порталы.

Байқаудың халықаралық ақпарат серіктесі Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосы, RT телеарнасы мен порталы, Askanews ақпарат агенттігі, Independent Media медиахолдингі, Telam ақпарат агенттігі, ANA жаңалықтар агенттігі, Shanghai United Media Group (SUMG), China Daily газетінің интернет-порталы, The Paper интернет-порталы, Al Mayadeen медиа желісі, Prensa Latina ақпарат агенттігі, DBW интернет порталы болды.

Салалық серіктестер қатарында байқауға "National Geographic Россия" журналы, Russian Photo порталы, Photo-study.ru порталы, "Академия фотографии" фотомектебі, YOung JOurnalists ақпарат порталы, Fotoargenta журналы, Нью-Дели фотожурналистика клубы, Enfoque Visual журналы, LF журналы, All about Photo интернет-порталы қолдау көрсетті.

Жаңалықтар
0