Өңірлер

Семейде сұлулық байқауының жеңімпазы басшылық қызметке тағайындалды

© Photo : Рixabay/jbundgaaБойжеткен, иллюстративті фото
Бойжеткен, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жыл бұрын "Семей ханымы" байқауының жеңімпазы атанған Диана Шаяхметова бүгінде төрт баланың анасы

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметіне "Миссис-2019" байқауының жеңімпазы тағайындалды. Ол мұндай міндетті бұрынғы бастығының жұмыстан босатылуына байланысты уақытша атқаратын болды.

"Диана Шаяхметова 25 қаңтардан бастап Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Ол екі жыл бұрын "Семей ханымы-2019" байқауына қатысып, жеңімпаз атанған болатын", – деп жазады облыстық Arnapress басылымы.

Осы кезге дейін Шаяхметова аталған бөлім бастығының орынбасары қызметін  атқарып келген.

34 жастағы келіншек бүгінде төрт баланың анасы.

Ал бөлімнің бұрынғы басшысы Амантай Өтелбаевтың қызметінен босатылуына қатысты әлі ресми ақпарат жоқ. Басылым дерегінде оның Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторын дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз екені айтылған.

Оқи отырыңыз: Дауға қалған Семей полициясының бастығы қандай жағдайда қызметінен кететінін айтты

Айта кетейік, 25 қаңтарда Семей қаласының әкімі ауысты. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Нұрымбет Сақтағанов жаңа әкім болды. Оның кандидатурасы қалалық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясында мақұлданды.

Ахметов экс-әкім Ермак Сәлімовке жұмысы үшін алғыс білдіріп, оның бұдан әрі облыс әкімінің тұрғын үй және құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып қала беретінін атап өтті.

Жаңалықтар
0