Өңірлер

Қостанай облысында су мұнарасы опырылып құлады

© Photo : СС0 Құбырдан аққан су
Құбырдан аққан су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нысанның не себепті ортасынан опырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Байғабыл елді мекенінде су мұнарасы құлап, ауыл тұрғындары сусыз сергелдеңге түсіп отыр, деп хабарлайды AstanaTV арнасы.

Ал нысанның тұрғызылғанына алты-ақ жыл болған екен.

Ауылға орталықтандырылған су желісін тартуға 156 миллион теңге жұмсалған. 2014 жылдан бері тәулік бойы тоқтаусыз ауыз су пайдаланып келген бұқара енді тығырыққа тірелді.

Қазір ауылда тәулігіне 4 сағат қана су беріледі. Жергілікті билік осылайша тұрғындарды мүлдем сусыз қалдырмаудың қамына кіріскен.

Оқи отырыңыз: Қостанайда су құрамы қауіпті бұлақ көздері анықталды

Ал су мұнарасы құлаған күні қатты жел болмаған. Нысанның не себепті ортасынан опырылып түскені әзірге белгісіз. Аудан басшысы су желісін қайта қалпына келтіру үшін кемінде екі ай қажет дейді.

"Арнайы комиссия келіп тексеріп қарады. Бірақ ешқандай тұжырым жасаған жоқ. Не себепті құлағанын ешкім айта алмайды. Қазір оның себебін білу үшін темірін кесіп алып сараптамаға береміз. Содан кейін ғана белгілі болады. Біз үшін қазір халықты сумен қамтамасы зету басты мақсат. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап көрсетті аудан әкімі Әмірхан Асанов.  

Жаңалықтар
0