Қоғам

Нұр-Сұлтанда дәмханаға кәуап жеуге келген жігіт пен қыз полициядан бір-ақ шықты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуКәуап
Кәуап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде тараған видеодан қыздың дәмхана қызметкерлерін тапаншаға ұқсас затпен қорқытқанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда кәуап дайындайтын дәмханада жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Instagram-дағы qumash_kz паблигінде елордадағы дәмханалардың бірінде түсірілген видео жарияланды.

Қыз бен жігіт дәмханаға кәуап жеуге келген. Алайда есеп айырыспай, кетіп қалмақ болыпты. Шыға берісте қос ғашықты дәмхананың әкімшісі тоқтатып, ақша төлеуді сұраған. Мұның арты жаппай төбелеске ұласты. Дәмхана қызметкерлеріне аспазшы да көмекке жүгірген.

Видеодан қыздың тапаншаға ұқсас затпен персоналды қорқытқанын байқауға болады.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Жаппай төбелес 22 қаңтар кешкі жетілер шамасында болған. Полицияға дәмхананың аспазшысы арызданды.

"Аспазшы бұзақы клиенттер тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, оған дене жарақатын салғанын айтты. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды. Сараптама нәтижесі тәркіленген қарудың балаларға арналған ойыншық тапанша екенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0