Өңірлер

Алматы коронавирустың "қызыл" аймағында: жағдайға қатысты түсініктеме

© Sputnik / Серикжан КовланбаевУлица Фурманова в Алматы
Улица Фурманова в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші ақпаннан бастап жүргізілетін вакцинацияға байланысты ресейлік Спутник V вакцинасы жеткізіледі

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы COVID-19 статистикасы алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдатуда. Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.

Қаланың бас дәрігері онлайн-брифинг барысында Алматыдағы инфекциялық стационарлардың 61%-і бос тұрғанын хабарлады. Сонымен қатар 5 145 төсек-орын резервте тұр.

"Қазір тәулігіне орташа есеппен 50-90 науқас емдеуге жатқызылып жатыр. Ал жансақтау бөлімінің 50%-інде науқастар жатыр, жалпы 120 реанимациялық төсек-орын бар", - деді ол.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, бірінші ақпаннан бастап жүргізілетін вакцинацияға байланысты ресейлік Спутник V вакцинасы жеткізіледі.

"Қаңтардың соңында Алматыға вакцинаның 1 450 дозасы келіп түседі. Ақпанда алты мың доза және шілдеге дейін 150 мың доза алу жоспарланып отыр", - деді Табынбаев.

Ең алдымен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін мамандарға вакцина салынады. Олар: жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, инфекциялық аурухана мамандары, көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімі қызметкерлері. Вакцина ерікті түрде салынады.

Жаңалықтар
0