Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жоғалған жасөспірім табылды

© Photo : StockSnapЧеловек в капюшоне на фоне граффити
Человек в капюшоне на фоне граффити - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалған баланың туыстары өздері іздеп таппақ болған. Іздеу еш нәтиже бермеген соң, полицияға хабарласты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар — Sputnik. Жасөспірім күндіз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Ата-анасы келесі күні полицияға хабарласты, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабарсыз кеткен баланың әкесі 24 қаңтар күні ағат 22:15 шамасында Риддердегі құқық қорғау органдарына хабарласты. Оның айтуынша, 13 жастағы жасөспірім бір күн бұрын серуендеуге сыртқа шығып, үйге қайта оралмаған.

Ата-анасы мен туыстары баланы өздері іздеп таппақ болды. Жасөспірімнің телефоны сөніп тұрған.

"Риддер полициясының жеке құрамы дабыл бойынша кәмелетке толмаған баланы іздеуге жұмылдырылды", - деп хабарлады полицияда. 

Полиция қызметкерлері жасөспірімнің барлық байланысын анықтап, құдықтар мен шатырлы ғимараттарға тексеру жүргізді. 

Жоғалған бала 25 қаңтар күні таңертең Риддер қаласындағы Речная көшесіндегі үйлердің бірінен табылды. 

"Жасөспірім аман-сау және қазір отбасымен бірге. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор баламен және оның ата-анасымен жұмыс жүргізіп жатыр", - деді полиция департаментінде. 

Баланың үйден кетуіне не себеп болғаны анықталуда.

Жаңалықтар
0