НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 266 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Өткен тәулікте ең көп жағдай Ақмола облысында тіркеліп отыр. Өңірде екі жүзден астам тұрғын COVID-19-ға шалдыққан.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 91
- Алматы қаласы - 132
- Шымкент қаласы - 7
- Ақмола облысы - 215
- Ақтөбе облысы - 0
- Алматы облысы - 71
- Атырау облысы - 84
- Шығыс Қазақстан облысы - 45
- Жамбыл облысы - 21
- Батыс Қазақстан облысы - 97
- Қарағанды облысы - 79
- Қостанай облысы - 104
- Қызылорда облысы - 3
- Маңғыстау облысы - 2
- Павлодар облысы - 197
- Солтүстік Қазақстан облысы - 110
- Түркістан облысы - 8
Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 179 720.