"Тұлпар" Тверь вагон жасау зауытынан 100 вагон жиынтығын алды

© Photo : Пресс-служба АО НК "Казахстан темир жолы""Тулпар" получил 100 вагонокомплектов от Тверского вагоностроительного завода
Тулпар получил 100 вагонокомплектов от Тверского вагоностроительного завода - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вагондар 2020 жылы Қазақстанға екі партиямен жеткізілді, алғашқы 50-і жазда әкелінді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Тверь вагон жасау зауыты (ТВЖЗ – "Трансмашхолдинг" АҚ құрамына кіреді) 2020 жылғы келісім аясында жолаушылар вагондарын құрастыруға арналған соңғы 50 вагон жиынтығын Қазақстанға жеткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Партияға 42 купелік емес және 8 купелік үлгі жиынтықтары кіреді. Келісім бойынша ТВЖЗ 2020 жылдың ішінде Қазақстанға жалпы алғанда осындай 100 жиынтықты жеткізген. Алғашқы партияға кірген 50 бірлік былтыр жазда жөнелтілді. Вагон жиынтықтарынан вагон құрастыру бойынша соңғы жұмыстар Нұр-Сұлтанда орналасқан "Тұлпар" вагон жасау зауытында жүзеге асырылады.

"Құрастырылған вагондар жылдамдығын 160 км/сағ. дейін арттыра алады, ал олардың қызмет ету уақыты 40 жылға дейін көзделген. Олардың құрылымында өртке қарсы барлық нормаларға сай келетін қауіпсіз материалдар қолданылған. Вагондар өртке қарсы тетіктер және сумен қамтамасыз ету жүйесінің су қорын пайдаланатын өрт сөндіру құрылғылары, диагностикалық ақпаратты жинақтау және тарату жүйесі, сондай-ақ бақылау, диагностика және басқару жүйесінің пойыз бен вагондық магистральдарымен жабдықталады", - деп көрсетті "Трансмашхолдинг" (ТМХ) компаниясы.

Қазақстанға жеткізілетін үлгілерде жайлы сапар үшін барлық жағдай жасалған: кондиционерлер, экологиялық таза дәретханалар, Wi-Fi роутерлер, USB-розеткалар. Мұнда су мен ауаны зарарсыздандырудың заманауи жүйелері орнатылып, осылайша вагон жолаушылары арасында коронавирусты жұқтыру қаупі төмендетілген. 

"Құрылғылар ауаны қуаттылығы жоғары амальгамды бактерицидті ультракүлгін шамдар көмегімен тазартады - мұндай құрылғылар медициналық мекемелер ішіндегі бөлмелерді зарарсыздандыру үшін қолданылады. Бактериялар мен вирустар құрылғыға түскеннен кейін адам үшін қауіпсіз. Әр құрылғы 2500 м3/сағ. дейін зарарсыздандыра алады. Қондырғылар тұтынушылардың құқығы мен адамдардың саулығын қорғау саласы бойынша бақылау жөніндегі Ресей мемлекеттік қызметінің құрамына кіретін Бүкілресейлік темір жол гигиенасы ҒЗИ салалық институтында толық сынақтан өтті", - деп түсіндірді ТМХ өкілдері.

Терезенің арғы жағындағы ауа райына қарамастан, салон ішінде біркелкі жайлы температура сақталып отырады. Вагондарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектесетін бейнекамералар қойылады. Әр жолаушыда өз купесіне кіруге мүмкіндік беретін магниттік карта болады. Сонымен қатар жолаушыларды аудиотрансляция және жүгіртпе жолы арқылы хабардар ету жүйелері қарастырылған.

Трансмашхолдингтің Тверь вагон жасау зауыты – локомотив тартқышы бар жолаушылар пойыздарын жасап шығаруға мамандандырылған Ресей мен ТМД елдеріндегі жалғыз кәсіпорын. ТВЖЗ вагондары Ресей, Қазақстан, Беларусь, Латвия, Литва, Моңғолия, Мысыр теміржолдарында пайдаланылып келеді. ТВЖЗ вагондарынан құрастырылған пойыздар Хельсинки, Ницца, София, Белград, Варшава және Еуропаның басқа да қалалары арқылы өтетін халықаралық бағыттар бойынша жүріп тұрады.

Қазақстан ТВЖЗ вагон жиынтықтарын "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2020-2029 жылдарға арналған жылжымалы құрамды жаңарту стратегиясы аясында сатып алып отыр. Осы уақыт аралығында 469 жаңа жолаушылар вагоны және 26 электр станция-вагонын алу жоспарланған. Сондай-ақ ескі вагондар ішінара жаңғыртылатын болады.

Қазақстанның ұлттық теміржол тасымалдаушысының сатып алынатын вагондарға қатысты талаптары, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік талабын қоса алғанда, халықаралық стандарттарға сай.

*Материал коммерциялық негізде жарияланды

Жаңалықтар
0