Өңірлер

Шахтинск дәмханасында жаппай төбелес болып, үш адам оқ жарақатын алды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Төбелес салдарынан 33-53 жас аралығындағы үш қала тұрғыны "оқ жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Шахтинсктегі дәмханалардың бірінде жаппай төбелес болды, қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданды, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Шахтинск қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шыққан. Салдарынан 33-53 жас аралығындағы үш қала тұрғыны "оқ жарақаты" диагнозымен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қыз үшін атысқан: Нұр-Сұлтан тұрғындары түн ортасында шошып оянды 

Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері 28 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ол бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ атқанын мойындады. Ұсталған адам уақытша ұстау абақтысына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0