Спорт

Олимпиада уақытында өтеді, "Б" жоспары жоқ – Томас Бах

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуПрезидент Международного олимпийского комитета Томас Бах на пресс-конференции по итогам заседания исполкома МОК в Лозанне
Президент Международного олимпийского комитета Томас Бах на пресс-конференции по итогам заседания исполкома МОК в Лозанне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жапония нақты қадамдар арқылы бұл Ойынды өткізуге дайын екенін баршамызға көрсетті, деді ХОК президенті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Ұлттық Олимпиада комитеттерінің басшыларымен кеңейтілген телеконференция өткізді, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылығы да онлайн кездесуге қатысты.  Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер қаралды. Екі сағаттан аса уақыт бойы қатысушылар ғаламдық пандемия, спортшыларды вакцинациялау, БҰҰ резолюциясы мен алдағы Токио-2020 және Бейжің-2022 Олимпиадаларына дайындықты талқылады. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан атынан Токио Олимпиадасына кім баратыны белгілі болды 

Жиын барысында сөз алған Томас Бах 2021 жылдың қарбаласқа толы болатынын атап өтті. Өйткені Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін 6 ай өткен соң қысқы Олимпиада ойындары басталады. Мұндай жайт тарихта алғаш рет орын алмақ.

Қазіргі сәтте ХОК екі ірі спорттық іс-шараға толыққанды дайындық жүргізуде.  Томас Бах 2020 жылғы Токио Олимпиадасы қарсаңындағы түрлі сыбыстар мен қауесеттерге тойтарыс беру үшін Олимпиадалық қозғалыстың бірлесіп жұмыс істеуі қажеттігіне ерекше тоқталып өтті. 

"Қазір Олимпиадалық қозғалыстың бар назары 2020 жылғы Токио ойындарына бағытталған. 21 қаңтардың кеші мен 22 қаңтар күнгі жаңалықтарда Жапонияның Олимпиаданы өткізуден бас тартатыны туралы арандатушылық бағыттағы жазбалар көп болды. Бірақ бұл жалған ақпарат. Мен баршаңызды тек қана ресми дереккөздер мен ХОК-тың ресми мәлімдемесіне сенуге шақырамын. 22 қаңтар күні Жапония билігімен телефон арқылы сөйлестім, олар Жапония билігі атынан ресми мәлімдеме мүлде болмағанын айтты", - деді ХОК президенті.

Оның айтуынша, Олимпиада ойындары мен барлық жарыс және іс-шаралар жоспарланған уақытында өтеді. Осы салаға қызығушылық танытқан тараптардың бәрі де Ойынды сәтті өткізу үшін тынымсыз еңбектенуде.

"Сондықтан "Б" жоспарын ойластыруға негіз жоқ. Жапония нақты қадамдар арқылы бұл Ойынды өткізуге дайын екенін баршамызға көрсетті. Сондай-ақ, елдегі саяси пікірталастарға қарамастан, Қытай да қысқы ойындарды өткізуге әзір", - деп түйіндеді Томас Бах. 

ХОК басшысы Олимпиада ойындарына қатысушыларды вакцинациялау туралы да айтты. Томас Бах осы сұраққа қатысты  Ұлттық Олимпиадалық комитеттерге көмектесуге уәде беріп, барлық спортшыны вакцина қабылдауға шақырды. Алайда вакцинациялау әр спортшының еркі бойынша жүргізіледі. 

Жаңалықтар
0