Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда кейбір көшелердің атауы өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көшелердің жаңа атауы Қазақстан тарихымен, географиясымен және танымал тұлғалардың есімін жаңғырту мақсатында беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Қазақстан астанасында 50-ден астам көше мен тұйық көше атауымен қоса, кейбірінің құрамдас бөліктері де өзгереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ашық үкімет" сайтында Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы елорда әкімдігі қаулысының жобасы жарияланды. Ақпаратта қоғамдық талқылау 2021 жылдың 8 ақпанына дейін өтетіні жазылған.

Өзгерістердің басым бөлігі Байқоңыр ауданының аумағында болады. Яғни бұл ауданда жобалық атауда әріп немесе санмен белгіленген 11 көшеге ат беру жоспарланған. Сондай-ақ, Жумабека Ташенова көшесі Жұмабек Тәшенев көшесі болып өзгертіледі. Сол сияқты, Павлик Морозов тұйық көшесі– Сейхун деп, ал Ленинградский – Төрткөл тұйық көшесі деп аталатын болады.

Алматы ауданы бойынша да 11 көшенің атау өзгеріске ұшырайды. Ал Есіл ауданында 9 көше. Сондай-ақ "Восточная Ильинка" тұрғын алабы Үркер тұрғын алабы деп өзгертіледі.

Қаулыда Сарыарқа ауданы бойынша мынадай көшелердің атауы мен құрылымын өзгерту ұсынылған: Пионерская – Талшық көшесі; Проезд-52 – Ақтоғай көшесі; Мостопоезд-463 – Жартас көшесі деп өзгертілсе, Тарас Шевченко көшесінің құрамы – Аспара көшесінен басталып, Медеу көшесімен аяқталатыны, ал Қатонқарағай көшесі – жобалық атаудағы С409 көшесімен, Вторая Алматинская және Ермек Серкебаев көшесімен қоса өзгертілетіндігі көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан атауына қатысты дау: депутат көптің көңілінен шығатын ұсыныс айтты

Айта кетейік, елорда көшелердің атауын өзгерту соңғы рет 2016 жылдың қарашасында жүргізілген.

Көшелердің жаңа атауы Қазақстан тарихымен, географиясымен және танымал тұлғалардың есімін жаңғырту мақсатында беріледі.

Өзгертілетін көше атаулары туралы толық тізіммен мына сілтемеге өту арқылы білуге болады.

Жаңалықтар
0